Почему Болат Жамишев сам себя игнорирует
Почему Болат Жамишев сам себя игнорирует
Читать
Украинских диверсантов задержали в Севастополе
Украинских диверсантов задержали в Севастополе
Читать
В России поисковик Google оштрафовали на полмиллиона рублей за "незаконные" сайты
В России поисковик Google оштрафовали на полмиллиона рублей за "незаконные" сайты
Читать
Image Alternative text

Астанада жаңа көпірлер мен жол айрықтары пайда болады

Астана, BAQ.KZ. Қала әкімдігі елордадағы жол желілерін дамыту және жол-көлік инфрақұрылымын қолдау мен өткізу қабілетінің артуы бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.



Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ақпаратынша, Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес көліктік жүктемені төмендету мақсатында шағын айналма жол салынып жатыр (ары қарай — ШАЖ). Ол жол Р.Қошқарбаев, Ұлы дала даңғылдары мен Ақжол, Ш.Бейсекова көшелерімен өтеді.



Жолдың жалпы ұзындығы – 46 шақырым. Ал 2007 жылдан 2017 жылға дейін 22,8 км жол салынған. Осы жылы Ш.Айтматов (Ш.Бейсекова көш) пен Тұран даңғылын жалғайтын Қ. Мұқаметжанов көшесі ашылды (бұрынғы Сарайшық көш.). Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.


Жаңа жол қарама-қайшы бағытта 4 жолақтан тұрады, жалпы алғанда 8 жол жолағы бар. Бұл көше құрылысы қаладағы көлік ағынының жеңілдеуіне сеп болып, қатарлас жатқан Сығанақ көшесі мен Қорғалжын тасжолының көліктік жүктемесінің төмендеуіне мүмкіндік берді.


Қазіргі кезде Сығанақ көшесінен басталып Ұлы дала даңғылына жететін Ш.Бейсекова көшесінің және Есіл өзені мен «Есіл-Нұра» каналы арқылы өтетін екі көпір құрлысы мен Ұлы дала даңғылының жалғасы (№27 көш.) № 39 көшеден (жоба атауы) Ш.Қалдаяқов көшесін жалғайтын жол құрылысы жүруде. Жол құрылысының толық аяқталуы 2019 жылға жоспарланған.


Ұлы дала даңғылының құрылысы Көпір құрылысы жыл бойы, үздіксіз Есіл өзені және «Нұра-Есіл» каналы арқылы көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысын қауіпсіз және тиімді етеді. Есіл өзені арқылы өтетін көпір «Нұра -Есіл» арқылы өтетін көпір Абылай хан даңғылы мен Р.Қошқарбаев даңғылы қиылысындағы 7 жол жолағымен жол айырығының құрылысы жүріп жатыр. Құрылыстың толық аяқталуы 2019 жылға жоспарланған.


Абылай хан д-лы мен Р. Қошқарбаев д-лы қиылысындағы жол айрығы Осы жылы Ш.Бейсекова көшесі мен Тұран даңғылын жалғайтын Ұлы дала даңғылының құрылысы басталды. Басқарма Н.Тілендиев – Ш.Бейсекова көшелері қиылысында айналма көлік жолы құрылысының жобасын жасаған.


Айналма жол салу шекарасына сол аудандағы жер телімдері кіріп отыр, оларды сатып алу ақырындап жүзеге асуда. Жол құрылысының аяқталу мерзімі жеке сектор иелеріне тиесілі жер телімдерін сатып алуға байланысты. Н.Тілендиев-Ш.Бейсекова көшелеріндегі айналма жол құрылысы Жалпы ұзындығы сегіз шақырымды құрайтын Н.Тілендиев даңғылынан бастап Ақжол көшесіне дейінгі Ш.Бейсекова көшесін, Ш.Бейсекова көшесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі Ақжол көшесін, Ш.Қалдаяқов көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі Ұлы дала даңғылын және 4 жол айрығы мен бір жол өткізу көпірінің құрылысын 2020-2023 жылдары аяқтау жоспарлануда.


Бұл жұмыстарды аяқтау үшін кедергі келтіріп тұрған үйлерді бұзу қажет. Жалпы ШАЖ құрылысы транзиттік көліктерге (тәулігіне 20 мың автокөлік) Астана қаласының орталығына кірмей-ақ, айналып өтуге мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде Тұран, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Бөгенбай батыр даңғылдары мен Сарайшық көшесінің жүктемесін қысқартатын болады.


Источник: “https://baq.kz/kk/news/industriyalandiru/astanada_zhana_kopirler_men_zhol_airiktari_paida_boladi_20181211_115900”